2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметі туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет беруші туралы мәліметтер — «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
2022 жылғы 12 ай барысында 2496 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация арқылы – 60;
Е-GOV электрондық үкіметтің порталы арқылы электрондық түрінде — 872;
Қызмет берушінің ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрінде – 1564.
Оның ішінде ең көп сұралатын мемлекеттік қызметтер:
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін жолдама беру – 1078;
- жұмыс іздейтін адамдарды тіркеу – 487;
- мемлекеттік атаулы көмек тағайындау – 387;
- жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азамтаттардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 143;
- мүгедектігі бар адамды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу – 100.
Сонымен қатар қызмет алушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
Бөлімде портал арқылы қызмет алу үшін жабдықталған өз-өзіне қызмет көрсету аймағы бар. 2022 жылдың басынан бастап өз-өзіне қызмет көрсету аймағы үшін ауданның 1795 азаматы мемлекеттік қызмет алды.
QR кодтары бар мемлекеттік қызметтердің стандарттары орналасқан стендттері бар, өтініштер үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу құқықтары және шағымды тіркеу үшін жауапты тұлғаның аты-жөнін көрсетуімен шағымдар кітабы бар. Қызмет алушылар үшін үстелдер, орындықтар, күту үшін жұмсақ орындықтар бар.
Бөлімнің ресми веб-сайтында бөліммен көрсетілетін мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы қағидаларға сілтемелері бар қағидалары және стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу құқықтары жарияланған.
«Адал көмек» жобасының аясында Facebook бөлім сайтында «Мағжан Жұмабаев ауданында атаулы әлеуметтік көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халықты ақпараттандыру туралы бейнеролик және «Электрондық үкімет порталы арқылы АӘК өтініш тапсыру» кітапша жарияланды.
Бөлімнің сайтында 2022 жылғы қазан айында Facebook, Instagram әлеуметтік желілерде отбасының цифрлық картасы туралы ақпарат, ОЦК жұмысы туралы видео, Қазақстанда отбасының цифрлық картасын енгізу туралы шығарылымдар мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды.
2022 жылғы 28 сәуірде Халыққа қызмет көрсету орталығында Жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасарымен азаматтарды қабылдау өткізілді Facebook сілетемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=739847770343491&id=100029548230155.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыспе қамту бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы 15 мақала жарияланды.
2022 жылғы шілде айында бөліммен «Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» атты кітапша жасалды, Facebook бөлім сайтында жарияланды және ауылдық округтерге тарату үшін жіберілді.
Мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша «СҚО М.Жұмабаев ауданы әкмдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету» атты онлайн конференциялар өткізілуде.
Facebook бөлім сайтында 25.08.2022ж. «Еңбектің электрондық биржасы» ақпараттық портал арқылы «Жұмыссызды тіркеу» мемлекеттік қызметті алу тәртібі орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын көтеру сұрағы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің негізгі көрсеткіштеріне жету жоспарына сәйкес 2022 жылғы қазан айында бөліммен «Электрондық үкімет» порталын пайдалануды насихаттайтын атап айтқанда «Мағжан Жұмабаев ауданының ЭЦҚ қайта шығару тәртібі» атты бейнеролик шағарылды.
2) Мемлекеттік қызметтердің стандарттары жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат: бөлім сайтында 2022 жылғы бөліммен көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті қоғамдық талқылау хаттамасы жарияланды.
3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстар, семинарлар, кездесулер, сұхбат және т.б.) Мемлекеттік қызметті сапалы және уақытылы көрсету мақсатында 2022 жылғы 20 мамырда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары М.Жұмабаев ауданының азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен бірлесіп семинар өткізілді, оған миграциялық полиция тобының иснпекторы және М.Жұмабаев ауданының әкімі аппарытының ішкі бақылау бойынша маман қатысты. Семинар барысында осы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша негізгі мәселелер талқыланды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар: бөлімде бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша 12 жалпыға ортақ оқу өткізілді.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру: мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының жобаларын талқылау кезде бөліммен ұсыныстар енгізіледі.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
- 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.
- Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері: мемлекеттік қызметтер көрсету кезде бұзушылықтар анықталған жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру: мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, оқу семинарлар жалғастыруда.
Бөлім басшысы Б. Ысқақова
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2022 жылы
Шағым иесі туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған Орган (ұйым) |
Қарау күні |
шағымды қарау қорытындылары бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Бөлім басшысы Б. Ысқақова
«Бекітемін»
Бөлім басшысы
__________ Ысқақова Б.Н.
4 қаңтар 2023 жыл
2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар
жоспары
№ |
Іс-шараның атауы |
Жауаптылар |
Жүзеге асыру мерзімдері |
1 |
Стандарттарға сәйкес сапалы мемлекеттік ызметтер көрсету |
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар |
Тұрақты |
2 |
Көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту |
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар |
Тұрақты |
3 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыс жүргізу на сайте отдела;
|
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар |
Тұрақты |
4 |
Жұртышылққа алдын ала хабаралап Facebook әлеуметтік желінде бөлім қызметіне қатысты интернет-конференцияны өткізу |
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар
|
2023 жылғы мамыр |
5 |
МЕҰ шақыруымен Мемлекеттік корпорация бөлімінде азаматтардың жеке қабыладауын ұйымдастыру |
Бөлім басшысы Б.Н. Ысқақова |
2023 жылғы шілде |
6 |
Бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша құқықтық жалпыға ортақ оқуды, семинарды өткізу |
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар |
Құқықтық жалпыға ортақ оқу жоспарына сәйкес |
7 |
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін, олардың стандарттарын көрсетуімен стендеті ресімдеу |
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар |
Тұрақты |
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Бөлімнің жұмысын талдау және қорытындылау |
Басшының орынбасары Е.А. Умовист |
Тоқсан сайынғы есеп және талдау |
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі |
||
№ |
Мемлекеттік қызметтің атауы |
Сілтеме |
1 |
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу |
|
2 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау |
|
3 |
Әлеуметтік көмек тағайындау бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері |
|
4 |
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру |
|
5 |
Мүгедектігі бар адамдарды |
|
6 |
Мүгедектерді техникалық-көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
7 |
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
8 |
Мүгедектерді есту қабілеті бойынша ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – жылына 60 сағат |
|
9 |
Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
10 |
Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу |
|
11 |
Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу |
|
12 |
Құжаттарды ресімдеу-арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) |
|
13 |
Тұрғын үй көмегін тағайындау |
|
14 |
Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру |
|
15 |
Ақталған адамға куәлік беру |
|
16 |
Жұмыссыздарды тіркеу |
|
17 |
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу |
Мемлекеттік қызметтер «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ сағат 9.00-ден-18.30-ға дейін, үзіліс уақыты сағат 13.00-ден-14.30-ға дейін мына мекенжайда көрсетіледі: Булаев қаласы Мир көшесі, 8А үй. Мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпаратты «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де 2-81-60 телефон нөмірі білуге болады
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша жауапты тұлға бөлім басшысның орынбасары Елена Анатольевна Умовист болып табылады
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжн Жұмабаев ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпаратты мынау ұсыныс бойынша алуға болады cz-mzh.sko.kz
2021 жыл бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету туралы талдамалық анықтама (ZIP 13 Kb)
2021 жылғы 4-тоқсан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету туралы талдамалық анықтама (ZIP 14 Kb)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (ZIP 190 Kb)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (ZIP 68 Kb)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы (ZIP 260 Kb)
Мақаланы құрған күні 31.01.2018 17:53
Мақаланы жаңартқан күні 27.04.2023 12:43