Халықтың жұмыспен қамтылуы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту туралы ақпарат 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша 

Мемлекеттік бағдарламалар және жеке бастамашыл шеңберінде 30.06.2023ж. жағдай бойынша 812 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 1486 адам/54,6%.

30.06.2023ж. тіркелген жұмыссыздрдың саны 339 адам.

Тұрақты жұмыс орындарына 586 адам жұмысқа орналасты жылдық жоспар 1208 адам/48,5%.

30.06.2023ж. жағдайы бойынша құрылған жаңа жұмыс орындарының саны – 399 адам жылдық жоспар 659 адам/60,6% оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында — 241 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар 289 адам/83,4%, жеке кәсіпкерлік саласында 79 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар 170 адам/46,5%, құрылыс саласында 14 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар 25 адам/,56,0%, өндіріс саласында 8 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар 8 адам/100%, басқа салаларда (көлік және қоймалау, дене сауықтыру, білім, қоғамдық тамақтану) 57 жаңа жұмыс орны жылдық жоспар 166 адам/34,3%.

Бос жұмыс орындарына 187 адам жұмысқа орналасты жылдық жоспар 550 адам/34,0%.

30.06.2023ж. жастардың жұмысқа орналастырылуы — 270 адам, оның ішінде: жаңа жұмыс орындарына – 132 адам, бұрын құрылған жұмыс орындарына – 69 адам, қоғамдық жұмыстарға 36 адам, әлеуметтік орындарға – 2 адам, жастар тәжірибесіне – 20 адам, адғашқы жұмыс орны – 10 адам, Ұрпақтар келісімшарты – 1 адам жіберілді. Жүгінген жастардың саны 252 адам, жастар санынан тіркелген жұмыссыз адамдардың саны – 92 адам.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 9 адам УО-ға 4 адам жүгінді. 3 адам жұмысқа орналасты оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 1 адам, оның ішінде квота бойынша – 2 адам, жастар т тәжірибесіне 1 адам, 2 адам өз бетінше жұмысқа орналасты.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар саны — 46, УО жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 3 адам жүгінді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 2 адам (оның ішінде квота бойынша 2 адам), қоғамдық жұмыстарға – 1 адам жіберілді. Өз бетінше жұмысқа орналасқандар-6 адам.

Тұрақты жұмыс орындарына 18 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты, жылдық тапсырмада 20 адам/90,0%.

«10 мың адамға шаққанда 100 жұмыс орны» индикатор бойынша 2023 жылға 160 жұмыс орны жосраланған, нақты 2023ж.01.07. 76 жұмыс орны құрылды немесе 47,5% орындалу.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді – 18 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізілді (17.01.2023г., 20.01.2023г.,24.01.2023г.,27.01.2023г., 31.01.2023г., 03.02.2023г., 07.02.2023г., 10.02.2023г., 14.02.2023г., 17.02.2023г., 24.02.2023г., 02.03.2023г., 14.03.2023г., 17.03.2023г., 28.03.2023г., 30.03.2023г., 31.03.2023г., 04.04.2023г., 07.04.2023г., 11.04.2023г., 12.04.2023г., 14.04.2023г.,21.04.2023г., 02.05.2023г., 12.05.2023г.) қатысушылардың және жүгінген азаматтардың саны 343 адам, қатысқан жұмыс берушілердің саны - 123, 523 бос жұмыс орны ұсынылды, 68 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 4 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. 343 адам кеңес алды.

Электрондық еңбек шарттары 30.06.2023ж. Мағжан Жұмабаев ауданында Еңбектің электондық биржасы (ЕЭБ) 434 кәсіпорын қосылды (мемлекеттік кәсіпорындрар – 95, ЖШС – 81, жеке кәсіпкерлер 258, 10369 еңбек шарт енгізілді, оның ішінде порталда:

  • 2018 жылда жоспар – 24, енгізілді – 24 кәсіпорын, 100% (478 шарт);
  • 2019 жылда жоспар – 26, енгізілді – 26 кәсіпорын, 100% (1 166 шарт);
  • 2020 жылда жоспар – 113, енгізілді – 143 кәсіпорын, 126,5% (3 532 шарт);
  • 2021 жылда жоспар – 124, енгізілді – 134 кәсіпорын, 108,1% (2 093 шарт);
  • 2022 жылда жоспар – 55, енгізілді – 66 кәсіпорын, 120,0% (1737 шарт);
  • 2023 жылда жоспар – 41, енгізілді – 1363 кәсіпорын. 

2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу 

2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен қаулы қабылданды.

2022ж.29.11. № 225 қаулысы - 2 жұмыс орны.

Квота бойынша «Азия wood,s» ЖШС әр үрлі жұмысшы ретінде Андрей Алексеевич Свиридов жұмысқа орналасты 2023ж.01.02. № 176 ЖҚ бұйрық.

2023ж.10.05. № 95 қаулысы «Кухаренко С.М.» ЖК – жұмыс орны.

Квота бойыша Серік Назабекұлы Құрманғалиев жүк тасушы лауазымынажұмысқа орналасты, 2023ж.11.05. № 248 бұйрық.

2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен қаулы қабылданды.

2022ж.29.11. № 225 қаулысы «Алтын Астык» ЖШС – 1 жұмыс орны.

2023ж.03.02. № 26 қаулысы «Азия wood,s» ЖШС – 1 жұмыс орны.

Квота бойынша «Азия wood,s» ЖШС әр үрлі жұмысшы ретінде Денис Владимирович Глейзнис жұмысқа орналасты 2023ж.06.02. № 178 ЖҚ бұйрық. 

2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы 

2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен қаулы қабылданды.

2022ж.02.12. № 234 қаулысы «Таман мектеп бөбекжай кешені»КММ – 1 жұмыс орны.

Квота бойынша жөндеу бойынша жұмысшы лауазымына «Таман мектеп бөбекжай кешені» КММ Сергей Михайлович Данин жұмысқа орнласты, 2023ж.05.01. № 05-01/1/1-ЖҚ бұйрық. 

2023 жылғы 01 қаңтарға Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ атқарылған жұмыс туралы ақпарат

Мемлекеттік бағдарламалар және жеке бастамашыл шеңберінде 31.12.2022ж. жағдай бойынша 1743 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 1593 адам/109,4%.

31.12.2022ж. тіркелген жұмыссыздрдың саны 147 адам.

Тұрақты жұмыс орындарына 1367 адам жұмысқа орналасты жылдық жоспар 1235 адам/61,2%.

31.12.2022ж. жағдайы бойынша жаңа жұмыс орындар құрылды: 660 адам/100,8%, оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында - 284 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар 280 адам/101,4%, жеке кәсіпкерлік саласында 125 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар 125 адам/100,0%, құрылыс саласында 20 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар 20 адам/100,0%, басқа салаларда (көлік және қоймалау, дене сауықтыру, білім, қоғамдық тамақтану) 231 жаңа жұмыс орны жылдық жоспар. 230 адам/100,4%.

Бос жұмыс орындарына 707 адам жұмысқа орналасты жылдық жоспар 600 адам/117,8%.

31.12.2022ж. жастардың жұмысқа орналастырылуы - 425 адам, оның ішінде: жаңа жұмыс орындарына – 141 адам, бұрын құрылған жұмыс орындарына – 212 адам, қоғамдық жұмыстарға 16 адам, әлеуметтік орындарға – 3 адам, жастар тәжірибесіне – 40 адам, маусымдық жұмыстарға – 13 адам жіберілді. Жүгінген жастардың саны 320 адам, жастар санынан тіркелген жұмыссыз адамдардың саны – 14 адам.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 4 адам УО-ға 4 адам жүгінді. 4 адам жұмысқа орналасты оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 2 адам, қоғамдық жұмыстарға 1 адам, 1 адам өз бетінше жұмысқа орналасты.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар саны-44, УО жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 10 адам жүгінді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 6 адам (оның ішінде квота бойынша 5 адам), қоғамдық жұмыстарға – 4 адам жіберілді. Өз бетінше жұмысқа орналасқандар-2 адам.

Тұрақты жұмыс орындарына 24 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты, жылдық тапсырмада 20 адам/120,0%.

Қоғамдық жұмыстар Булаев қаласында және ауданның 17 ауылдық округінде 145 жұмыссыздың қатысуымен ұйымдастырылады, жылдық жоспар бойынша 146 адам немесе 99,3%.

2022 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 9180,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде РБ бойынша 9180,0 мың теңге, ЖБ бойынша 0 мың теңге жоспарланған. Барлығы 8937,0 мың теңге сомасында қаражат игерілді, оның ішінде РБ есебінен – 8937,0 мың теңге 20 адам, ЖБ есебінен – 0 мың теңге 0 адам. 2022 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша бағдарламалық тапсырма 18 жұмыс орнын құрайды (оның ішінде кәсіпкерлік бойынша ұлттық жобалар - 20), 20 адам жіберілді немесе жылдық жоспардың 111,1%.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді – 39 бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізілді (16.03.2022ж.,04.04.2022,05.04.2022,06,04.2022,07.04.2022,08.04.2022,11.04.2022,12.04.2022,13.04.2022,14.04.2022,15.04.2022,16.04.2022,17.04.2022,18.04.2022,19.04.2022,20.04.2022,29.04.2022г.,03.05.2022,05.05.2022,11.05.2022,12.05.2022,13.05.2022,16.05.2022,17.05.2022,18.05.2022,19.05.2022,20.05.2022,23.05.2022,24.05.2022,25.05.2022,26.05.2022,27.05.2022,28.09.2022г.,08.11.2022,15.11.2022,25.11.2022г.05.12.2022,19.12.2022,26.2022г.) қатысушылардың және жүгінген азаматтардың саны 411 адам, қатысқан жұмыс берушілердің саны - 148, 617 бос жұмыс орны ұсынылды, 177 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 10 адам қоғамдық жұмысқа және 5 адам жастар тәжірибесіне жіберілді, 411 адам кеңес алды.

Электрондық еңбек шарттары 31.12.2022ж. Мағжан Жұмабаев ауданында Еңбектің электондық биржасы (ЕЭБ)393 кәсіпорын қосылды (мемлекеттік кәсіпорындрар – 95, ЖШС – 81, жеке кәсіпкерлер 217, 9006 еңбек шарт енгізілді, оның ішінде порталда:

  • 2018 жылда жоспар – 24, енгізілді – 24 кәсіпорын, 100% (478 шарт);
  • 2019 жылда жоспар – 26, енгізілді – 26 кәсіпорын, 100% (1 166 шарт);
  • 2020 жылда жоспар – 113, енгізілді – 143 кәсіпорын, 126,5% (3 532 шарт);
  • 2021 жылда жоспар – 124, енгізілді – 134 кәсіпорын, 108,1% (2 093 шарт);
  • 2022 жылда жоспар – 55, енгізілді – 66 кәсіпорын, 120,0% (1737 шарт).

2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу

2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен 5 қаулы қабылданды.

2021ж.30.11. № 317 қаулысы «Оптовик» ЖК - 1 жұмыс орны.

Квота 2022ж.01.03. № 1 бұйрығының негізінде орындалды әр түрлі жұмысшы ретінде Михаил Вячеславович Михайлов жұмысқа орналасты.

2022ж.11.02. № 11 қаулысы «Смагулов» ЖК – 1 жұмыс орны.

Квота 2022ж.14.02. № 2 бұйрығының негізінде орындалды әр түрлі жұмысшы ретінде Александр Викторович Пенкин жұмысқа орналасты.

2022ж.28.03. № 48 қаулысы «Ильинов» ЖК – 1 жұмыс орны.

Квота 2022ж.01.04. № 1 бұйрығының негізінде орындалды жүргізуші ретінде Вячеслав Юрьевич Болотов жұмысқа орналасты.

2022ж.31.03. № 52 қаулысы «СК Агро» ЖШС – 1 жұмыс орны.

Квота 2022ж.01.04. № 48-л бұйрығының негізінде орындалды механизатор ретінде Владимир Викторович Чайковский жұмысқа орналасты.

2022ж.23.05. № 90 қаулысы «Кошик» ЖК – 1 жұмыс орны

Квота 2022ж.25.05. № 1 бұйрығының негізінде орындалды әр түрлі жұмысшы ретінде Владислав Алексеевич Ганоцкий жұмысқа орналасты.

2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғлар үшін Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен 1 қаулы қабылданды.

2022ж.17.05. № 84 қаулысы «СК Агро 2050» ЖШС – 1 жұмыс орны.

Квота 2022ж.23.05. № 101 бұйрығының негізінде орындалды кептіру қондырғыларының операторы ретінде Бауыржан Мекешұлы Жүнісов жұмысқа орналасты.

2022 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

2022 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен 3 қаулы қабылданды.

2022ж.08.04. № 84 қаулысы «СК Агро 2050» ЖШС – 1 жұмыс орны.

Квота 2022ж.25.05. № 1 бұйрығының негізінде орындалды әр түрлі жұмысшы ретінде Александр Юрьевич Куташин жұмысқа орналасты.

2022ж.16.03. № 42 қаулысы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нде – 1 жұмыс орны.

Квота 2022ж.16.03. № 74 бұйрығының негізінде орындалды жүргізуші ретінде Бауыржан Сеитқалиұлы Жармағанбетов жұмысқа орналасты.

2022ж.17.05. № 83 қаулысы «Алтын Мұра» ЖШС – 1 жұмыс орны.

Квота 2022ж.20.05. № 1 бұйрығының негізінде орындалды астық тоғы таразышы ретінде Татьяна Петровна Куликова жұмысқа орналасты.

Бөлім басшысы Б. Ысқақова

2022 жылғы 1 тоқсандағы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, осы бағытты іске асыруда бөліммен тіркелген жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, аз қамтылған азаматтар санын төмендету бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілді, 01.07.2022 жылға тіркелген жұмыссыздар саны-190 адамды құрайды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 475 адам жүгінді. 01.07.2022 жылға Жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген тұлғалардың ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 789 жоспар бойынша 105,6% құрады немесе уәкілетті орган арқылы 516 адам жұмысқа орналасу бойынша шаралар көрсетілді («Кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру және жаңа бастамалар» Ұлттық жоба шеңберінде).

01.07.2022ж. тіркелген жұмыссыздардың саны – 190 адам.

01.07.2022 жылғы жағдай бойынша 980 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 1593 адам/61,5%.

Тұрақты жұмыс орындарына 756 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 1235 адам/61,2%.

01.07.2022 ж. жағдай бойынша 393 жаңа жұмыс орны құрылды, жылдық жоспар бойынша 655 адам/60,0%, оның ішінде: 

- ауыл шаруашылығы саласында 220 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар бойынша 350 адам/62,9%, 

- жеке кәсіпкерлік саласында 83 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар бойынша 125 адам/66,4% , 

- құрылыс саласында: 2 жаңа жұмыс орны 47 адам/4,3%,

басқа салаларда 88 жаңа жұмыс орны (көлік және қоймалау, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық тамақтану) жылдық жоспар бойынша 133 адам/66,2%.

Бұрын құрылған жұмыс орындарына 363 адам орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 580 адам/62,5%.

01.07.2022 жылға жастар жұмысқа орналастырылды — 210 адам, оның ішіндежаңа ж.о. — 87 адам, бұрын құрылған тұрақты орындарға – 83 адам ҚР – 13 адам, әлеуметтік орындарға — 3 адам, жастар практикасы – 18 адам, маусымдық жұмыстар – 6 адам.

Жастардың жүгінген саны – 100, жастар арасынан тіркелген жұмыссыз азаматтар саны – 54 адам .

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 3 адам келді, УО-ға 2 адам жүгінді, оның ішінде тұрақты жұмыс орынға – 1 адам, қоғамдық жұмысқа 1 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам өз бетінше жұмысқа орналастырылды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған — 42 адам, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін УО-ға 10 адам өтініш білдірді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 6 адам (оның ішінде квота бойынша 5 адам). Қоғамдық жұмыстарға – 4 адам жіберілді. Өз бетінше жұмысқа орналастырылды — 2 адам.

Тұрақты жұмыс орындарына 15 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты, жоспарлы жылдық тапсырмада 20 адам/75,0%.

Жүгінген кезде жұмыссыздар ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңында көзделген кепілді әлеуметтік көмектің кепілдік берілген көлемін алады.

«Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру»

2022 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудандық бюджеттен 75000,0 мың теңге бөлінді, 146 жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін бөлінді, есепті күнге 22135,0 мың теңге/29,5%, игерілді, республикалық бюджет есебінен 7920,0 мың теңге бөлінді, 1320,0 мың теңге/16,6% игерілді. Ұлттық қордың трансферттер есебінен 17790,0 мың теңге бөлінді, 9741,0 мың теңге/54,7% игерілді.

Булаев қаласында және ауданның 14 ауылдық округтерінде 106 жұмыссыздың қатысуымен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, жылдық жоспар бойынша 146 адам, 72,6%.

«Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру»

2022 жылға аудандық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға – 9180,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет бойынша бойыша 9180,0 мың теңге жоспарланды. 3674,0 мың теңге игерілді, оның ішінде 18 адам, республикалық бюджет есебінен– 3674,0 мың теңге.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша бағдарламалық тапсырма 18 жұмыс орнын, 18 адам жіберілді немесе жылдық жоспардың 100%.

Келесі кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындары құрылды:

- «Алтын жер СК» ЖШС - 3 адам (Авангард ауылдық округі, Полтавка а.),

- «Зарицкий А.С.»ЖК – 7 адам(Аққайың ауылдық округі Октябрьское а.),

- «Бойко» ШҚ – 1 адам, (Алтын дән ауылдық округі Советское а.)

- «Луч» ШҚ -1 адам (Ноғайбай би ауылдық округі, Қарағанды а.),

- «Зарицкий А.С.» ЖК 3 адам (Булаев қ.),

- «Золотарев Е.В.» ЖК – 1 адам (Булаевқ.),

- «Лысенко» С.В.» ШҚ – 1 адам (Булаев қ.),

- «Возвышен» ШҚ 1 адам (Возвышен ауылдық округі).

Жастар тәжірибесіне 18 адам жіберілді, жоспар бойынша-25 адам (республикалық бюджеттен барлығы 9189,0 мың теңге бөлінді, 5400,0 мың теңге игерілді).

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі: 3 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді (16.03.2022ж., 29.04.2022ж., 27.05.2022ж.) қатысушылар мен жүгінген адамдардың саны – 91, қатысқан жұмыс берушілердің саны – 49, бос жұмыс орындарының саны – 174, жұмысқа орналастырылды – 16 адам.

Электрондық еңбек шарттары 01.07.2022ж. Мағжан Жұмабаев ауданында Еңбектің электорондық биржасы порталына (ЕЭБ) 31 кәсіпорны қосылды, жоспар 55 немесе 56,4%, 810 еңбек шарты енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту туралы ақпарат 2022 жылғы 1 тоқсан

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, осы бағытты іске асыруда бөліммен тіркелген жұмыссыздар, өзін—өзі жұмыспен қамтығандар, аз қамтылған азаматтар санын төмендету бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілді, 01.04.2022 жылға тіркелген жұмыссыздар саны-185 адамды құрайды.

Ағымдағы жылдың басынан бері АДБ шеңберінде 192 адам жүгінді. 01.04.2022 жылға Жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірген тұлғалардың ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 789 жоспар бойынша 77,6% құрады немесе уәкілетті орган арқылы 149 адам жұмысқа орналасу бойынша шаралар көрсетілді («Кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру» Ұлттық жоба шеңберінде).

01.04.2022ж. тіркелген жұмыссыздардың саны – 185 адам.

01.04.2022 жылғы жағдай бойынша 294 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 1593 адам/18,5%.

Тұрақты жұмыс орындарына 208 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 1235 адам/16,8%.

01.04.2022 ж. жағдай бойынша 138 жаңа жұмыс орны құрылды, жылдық жоспар бойынша 655 адам/21,1%, оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында 44 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар бойынша 350 адам/12,6%, жеке кәсіпкерлік саласында 36 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар бойынша 125 адам/28,8% , құрылыс саласында: 0 жаңа жұмыс орны 47 адам/0%, басқа салаларда 58 жаңа жұмыс орны (көлік және қоймалау, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық тамақтану) жылдық жоспар бойынша 133 адам/43,6%.

Бұрын құрылған жұмыс орындарына 70 адам орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 580 адам/12,1%.

01.04.2022 жылға жастар жұмысқа орналастырылды — 73 адам, оның ішіндежаңа ж.о. — 39 адам, бұрын құрылған тұрақты орындарға – 16 адам ҚР – 4 адам, әлеуметтік орындарға — 3 адам, жастар практикасы – 11 адам. Жастардың жүгінген саны – 40, жастар арасынан тіркелген жұмыссыз азаматтар саны – 32 адам .

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 2 адам келді (ҚІБ бойынша), УО-ға 1 адам жүгінді, оның ішінде қоғамдық жұмысқа 1 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам өз бетінше жұмысқа орналастырылды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған — 42 адам, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін УО-ға 7 адам өтініш білдірді, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 3 адам, оның ішінде квота бойынша 2 адам. Қоғамдық жұмыстарға – 4 адам, өз бетінше жұмысқа орналастырылды — 2 адам.

Тұрақты жұмыс орындарына 6 мүгедек жұмысқа орналастырылды, жоспарлы жылдық тапсырмада 20 адам/30%.

Жүгінген кезде жұмыссыздар ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңында көзделген кепілді әлеуметтік көмектің кепілдік берілген көлемін алады:

«Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру»

2022 жылы субвенция есебінен ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудандық бюджеттен 75000,0 мың теңге, 146 жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін бөлінді, есепті күнге 5800,0 мың теңге/7,7%, игерілді, республикалық бюджет есебінен 7920,0 мың теңге бөлінді, 0 мың теңге/0% игерілді.

Булаев қаласында және ауданның 4 ауылдық округтерінде 49 жұмыссыздардың қатысуымен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, жылдық жоспар бойынша 146 адам, 33,6%.

2022 жылға аудандық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарын құруға – 9180,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде РБ бойыша 9180,0 мың теңге жоспарланды. 1530,0 мың теңге игерілді, оның ішінде 18 адам, ЖБ – 0 мың теңге бөлінді 0 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша бағдарламалық тапсырма 18 жұмыс орнын, 18 адам жіберілді немесе жылдық жоспардың 100%.

Келесі кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындары құрылды: Авангард ауылдық округі «Алтын жер СК» ЖШС - 3 адам, Аққайың ауылдық округі Октябрьское а. «Зарицкий А.С.»ЖК – 7 адам, Алтын дән ауылдық округі Советское а. «Бойко» ШҚ – 1 адам, Ноғайбай би ШҚ «Луч» 1 адам, Булаев «Зарицкий А.С.» ЖК 3 адам, «Лыснко» С.В.» ШҚ – 1 адам, «Золотарев Е.В.» ЖК – 1 адам, Возвышен ауылдық округі «Возвышен» ШҚ 1 адам.

Жастар практикасына 11 адам жіберілді, жоспар бойынша-25 адам (республикалық бюджеттен барлығы 9189,0 мың теңге бөлінді, 3022 мың теңге қаражат игерілді).

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу: 1 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді (16.03.2022г.) қатысушылар мен жүгінген адамдардың саны – 37, қатысқан жұмыс берушілердің саны – 14, бос жұмыс орындарының саны – 56, 5 адам жұмысқа орналастырылды. 37 дам кеңес алды.

Электрондық еңбек шарттары 01.04.2022ж. Мағжан Жұмабаев ауданында Еңбектің электорондық биржасы порталына (ЕЭБ) 20 кәсіпорны қосылды, жоспар 55/36,4%, 454 еңбек шарт енгізілді.

2021 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту туралы ақпарат (ZIP 17 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту туралы ақпарат 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша (ZIP 18 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту туралы ақпарат 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша (ZIP 17 Kb)

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту туралы ақпарат 01.01.2021 жылға

Солтүстiк-Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту туралы 01.10.2020 жылға ақпарат (ZIP 12 Kb)

Назар аударыңыз «Парыз — 2021» конкурсы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығы сәйкес «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» 2021 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты өткізудің басталғаны туралы жарияланады

Конкурс екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады (ЖШС, АҚ, ШҚ, ФҚ, ЖК) конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

Конкурс лауреаттарының атақтары үш санатта беріледі:

  • шағын кәсіпкерлік субъектісі;
  • орта кәсіпкерлік субъектісі;
  • ірі кәсіпкерлік субъектісі;

және төрт номинация бойынша:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);

2)«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек жағдайын жақсартуға және өз Ұйымында Қауіпсіздік техникасын сақтауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

4)«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімі 2021 жылғы 1 шілдеде аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ өтінім береді.

Булаево қаласы, Мира көшесі, 8А мекен-жайы бойынша, Тел:2-81-49,2-81-43.

«Еңбек жолы — 2021» Республикалық конкурсы

2021 жылғы 15 наурыз бен 1 шілде аралығында «Еңбек Жолы-2021» байқауына қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды:

  • «Үздік еңбек әулеті»;
  • «жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»;
  • «Өндірістің үздік жас маманы».

«Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды. Конкурс «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: өңірлік деңгейде және республикалық деңгейде «Еңбек Жолы» конкурсының жеңімпаздарын іріктеу.

Республикалық комиссия әр номинация (бірінші, екінші және үшінші орындар) бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделген үміткерлердің материалдарын облыстық «еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде «СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-ге (Булаев қаласы, Мир көшесі, 8 А) қолма-қол ұсыну қажет.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мағжан Жұмабаев ауданында 2020 жылға жалпы сомасы 1 061 054,4 мың теңгеге 31 жоба, құрылатын жұмыс орындарының саны 257, оның ішінде ХЖҚО арқылы 130 адам.

01.01.2021 жылға 31 жобада жұмыстар аяқталды (Денсаулық сақтау — 1(Полудино А. ФАП); білім беру — 5(Александровка ОМ, Таманов ОМ, Булаев қ. №1 ,№4 мектеп,урмановка ОМ);су тарату желілерін ағымдағы жөндеу 5 жобада (Чистовское А., образцы,Қарақоға,Хлебороб,Булаев қ.); жылу трассасын ағымдағы жөндеу — 1 ЖЗҚ жобасы; электрмен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеу 6 жоба (Қарақоға а., Чистовское а., Булаево қ. — 2 жоба, Полудино а., Ганькино а.); көшелерді орташа жөндеу — 6 жоба (советское а., Медвежка а., Возвышенка А., Надежка а.); көше жарығын ағымдағы жөндеу — 3 жоба (Булаево қ., Надежка А., 1 жоба 3 в одном Возвышека-Золотая Нива-Хлебороб);скверді жайластыру — 1 жоба Надежка а.; спорттық-ойын алаңын ағымдағы жөндеу — 3 жоба (Қарақоға а., Полудино а., Полтавка а.).

Аяқталған жобаларға жұмыспен қамту орталығы арқылы 130 адамнан 177 адам немесе 136,2% жұмысқа орналастырылды.

Ауданның жұмыссыз тұрғындары қатарынан аяқталған және іске асырылып жатқан жобаларда жұмыс берушілер жоспар бойынша 257 немесе 117,1% - дан барлығы 301 жұмыс орнын құрды.

Электрондық еңбек биржасы арқылы ЖҚЖК бағдарламасының қатысушыларымен 301 электрондық еңбек шарты жасалды.

Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын әлеуметтiк төлем

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетiнiн бiлесiз бе? Ол қандай жағдайда төленедi және оған өтiнiштi қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегiдей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз. Аталған жәрдемақыға өтiнiш берудiң бiрнеше жолы бар:

🔑Egov.kz порталы арқылы

📌Порталға кiрiп, iздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау» деген қызмет атауын терiңiз

📌Қызметтi онлайн сұратыңыз

📌Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды

📌Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгiңiздi растаңыз

📌ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз

📌Қызметтiң нәтижесiн жеке қабинетiңiзден бiле аласыз.

🔑ХҚО арқылы

📌ХҚО-ға кезектi алдын ала онлайн брондаңыз

📍ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлiк, жұмыссыз ретiнде тiркелгенiңiз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз

🔑Жұмыспен қамту орталығы арқылы

Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тiзiмi тапсырылады.

☝Ескерту, жәрдемақыға өтiнiш берушi жұмыссыз ретiнде тiркелген және бұған дейiн ресми жұмыс iстеген азамат болуы керек.

📍Өтiнiш 8 жұмыс күнi iшiнде қаралады

📍Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейiн төленуi мүмкiн және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады

📍Жәрдемақы мөлшерi азаматтың әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi төлемдер негiзiнде тағайындалады

Iске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, осы бағытты іске асыру мақсатында бөліммен жұмыссыздардың, өзін — өзі жұмыспен қамтығандардың, аз қамтылған азаматтардың санын азайту бойынша нақты жұмыстар жүргізілді, 2020 жылғы 01.07. тіркелген жұмыссыздар саны — 468 адамды құрайды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап АДБ шеңберінде 886 адам жүгінді. Жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген адамдар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 2020жылғы 01.07. жоспар бойынша — 1028, 90,5% құрады немесе уәкілетті орган арқылы жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді 802 адам (АДБ+ «Еңбек» бағдарламасы).

2020 жылғы 01.07. жағдайына 1391 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 1959 адам / 71,0%.

2020 жылғы 01.07. - 513 адам жаңа жұмыс орындары құрылды, жылдық жоспар 729 адам/70,4%, оның ішінде; 2020 жылғы 01.07. ауыл шаруашылығы саласында - 236 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар 394 адам/59,9%, жеке кәсіпкерлік саласында 2020 жылғы 01.07. – 77 жаңа жұмыс орны, жылдық жоспар 155 адам/50,0%, құрылыс саласында 2020 жылғы 15.07. – 77 жаңа жұмыс орны, 2020 жылғы 01.07. - 84 жаңа жұмыс орны жылдық жоспардағы 45 адам/187,0%, басқа салаларда 2020 жылғы 01.07. - 116 жаңа жұмыс орны (көлік және қоймалау, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық тамақтану) жылдық жоспардағы 135 адам/85,9%.

Тұрақты жұмыс орындарына 1579 адам жұмысқа орналастырылды, жылдық жоспар бойынша 1548 адам/102,0%.

Сонымен қатар, тіркелген жұмыссыздардың санын азайту бойынша 2020 жылы қосымша қолдау шараларымен 830 өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен жұмыссыздарды қамту жоспарланған (аудан бойынша барлығы 2114 адам), оның ішінде мал шаруашылығын тарту бойынша қамту 74 адамды құрады, жылдық жоспар 122 адам/60,7%; бау-бақша шаруашылығына тарту бойынша қамту 388 адамды құрады, жылдық жоспар 448 адам/ 86,6 % ; құс шаруашылығына тарту қамту 133 адамды құрады, жылдық жоспар 228 адам/ 58,3%; ара шаруашылығына 11 адам тартылды, жылдық жоспар 32 адам/34,4%

2020 жылғы 01.0. жұмысқа орналастырылған жастар - 138 адам, жаңа жұмыс орындарына - 50 адам, бұрын құрылған тұрақты орындарға - 41 адам, ҚЖ — 31 адам, әлеуметтік орындарға — 6 адам, маусымдық жұымс орындарына - 4 орын,өтініш білдірген жастар саны — 67 адам, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша – 67 адам жұмысқа орналастырылды, жастар арасынан тіркелген азаматтардың саны - 43 адам.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 3 адам (ҚІБ бойынша), УО-ға 3 адам жүгінді, тұрақты жұмыс орнына 2 адам жұмысқа орналастырылды, ҚЖ - 1 адам жіберілді.

Пробация қызметінде тіркелген - 77 адам, ББ-ға 26 адам жұмыс табуға көмек сұрап жүгінді, 25 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 13 адам, оның ішінде 2 адамға квота - 0 адам қоғамдық жұмысқа - 6 адам жіберілді, 6 адам әлеуметтік жұмысқа тағайындалды, 0 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыды,1 адам кәсіптік оқуға жіберілді, 0 адам оқудан кейін жұмысқа орналастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тұрақты жұмыс орындарына 15 адам жұмысқа орналастырылды, жоспарлы жылдық міндеті 16 адам / 93,7,0%.

Өтініш берген кезде жұмыссыздар «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кепілдендірілген әлеуметтік көмек алады:

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру:

294 жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға 2020 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға аудандық бюджеттен 24343,0 мың теңге бөлінді, 11596,4 мың теңге, есепті күнге 47,6% игерілді.

Булаево және ауданның 17 ауылдық округтерінде қоғамдық жұмыстар 2743 жұмыссыздың қатысуымен ұйымдастырылған, жылдық жоспары 294 адамға, 83,7%.

Общественные работы организовываются в г. Булаево и 17 сельских округах района при участии 274 безработных, при годовом плане 294 чел., 83,7%.

Әлеуметтік жұмыс орындары

Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 2020 жылға аудандық бюджеттен 8830,0 мың теңге және республикалық бюджеттен 10742,0 бөлінді, игерілген қаражат 7149,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 11 094,0 мың теңге немесе 93,2%.

2020 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құрудың бағдарламалық міндеті 67 жұмыс орны (АДБ мен ӨБ және ЖҚ қосқанда), 67 адам жіберілді немесе жылдық жоспардың 100%.

Әлеуметтік жұмыс орындары келесі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылды: Булаево қ., «Жазира» ЖК - 5 адам, Булаево қ., «Бахтыбаева» ЖК - 2 адам, Октябрьское а. «Ф. Шигаев »- 7 адам, Булаево« Швагерус »- 1 адам, Булаево« Фунтиков » - 5 адам, Булаево қаласы ИП «Обухова» - 2 адам, Булаево қ. - «Смагулова» ЖК - 1 адам. Құралай а. «Шакенов» - 6 адам, Лебяжка а/о «Асан би» ауданы - 5 адам, Булев қ. «Бакирова» - 14 адам, Чистовское а. «Диас» ЖК – 1 адам, Таманск а. «Черныш М.А.» ЖК – 1 адам, Совесткое а. « Акопян» ЖК – 1 адам, Осктябрьское а. «Успех» ЖК. – 2 адам, Карағанды а, «Луч» ШҚ – 3 адам, Проетарка а. « Жакупов» Ж.К. – 4 адам.

Жастар тәжірибесі

Жастар тәжірибесіне жоспар бойынша — 28 адам, 21 адам жіберілді (республикалық бюджеттен барлығы 11134,0 мың теңге бөлінді).

«Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»

Кәсіптік оқыту жоспарланған: 2020 жылға АДБ шеңберінде кәсіптік оқытуға 5642,0 мың теңге, 28 адамды оқыту үшін қаражат бөлінді.

Кәсіптік оқуға – 9 адам, 32,1% жіберілді.

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу: 2020 жылғы 29.04. бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, 28 жұмыс берушілер қатысты, 110 бос орындар ұсынылды, 34 жұмыссыз адам қатысты.

12 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 9 әйел, 1 — жастар, 14 адам кеңес алды, оның ішінде 3 әйел және 3 адам жастар арасынан.

Жұмыспен қамту жол картасы

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Мағжан Жұмабаев ауданында 2020 жылға жалпы сомасы 1 046 146,3 мың теңгеге 31 жоба, құрылатын жұмыс орындарының саны 253, соның ішінде ЖҚО арқылы 128.

2020 жылға 01.07.31 жобаның 5 жобасында жұмыс аяқталды (Булаев қаласы – Пионерская, Юбилейная, Буденный, Чистое, Хлебороб ауылдарының кіреберіс жолдары-көшені жарықтандыруды ағымдағы жөндеу), 14 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде (білім бері 5 жоба, денсаулық сақтау - 1 жоба , 1 жоба жылу трассасын жөндеу, 3 - спорт - ойын алаңдары, 1 - скверлерді жайластыру, 1 - көше жарығын жөндеу, 1 - Советское, 2 - Медвежка ауылдарының көшелерін жөндеу), оның ішінде 130 адам жұмысқа орналастырылды.

Қалған 11 жоба (Возвышенка ауылының жолдары мен жарықтандыруы ағымдағы жылдың шілде айында басталып, қосымша 8 адам жұмысқа орналасады. ЖҚО мен мердігерлер арасындағы еңбек шарттары, сондай-ақ мердігерлер мен қызметкерлер арасында толық көлемде жасалған.

Электрондық еңбек биржасына 130 еңбек шарты енгізілді.

Мақаланы құрған күні 01.02.2018 09:12

Мақаланы жаңартқан күні 31.07.2023 16:20

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz