Баспасөз релизі

Баспасөз релизі «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 27-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешіміне жобасына

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негіздемесі «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығы болып табылады.

Мәслихаттың бұл шешімінің мақсаты:

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау және іске асыру мақсатында ҚР Заңдарына сәйкес келтіру.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14758364

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Б. Ысқсқова

Шешім (DOCX 98 Kb)

Түсіндірме хат (DOC 38 Kb)

20.10.2023
Қаралым саны: 36
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz