«Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық портал арқылы «Жұмыссыз ретінде тіркелу» мемлекеттік қызметін алу тәртібі

1 Кезең: Жұмыс іздеуші

  • Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) жеке кабинет ашу
  • Түйіндемені толтыру
  • Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою
  • Жұмыс іздеушінің жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелу құқығын автоматты түрде тексеру

2 Кезең: Жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркелу

Назар аударыңыз!
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыссыз болу және жұмыспен қамтуды қолдаудың мемлекеттік шараларын алу үшін жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу кезеңінен өту қажет. Бұл кезеңде ағымда 3 жұмыс күнінде электрондық еңбек биржасы Сізге лайықты жұмысты белсенді түрде таңдайды.

  • Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде автоматты түрде тіркелу
  • 3 жұмыс күні ішінде қолайлы жұмыс таңдау
  • Жұмыс берушілер тағайындаған сұхбаттасуға қатысу
  • Жұмыс іздеп жүрген адамның жұмыссыз ретінде тіркелу құқығын автоматты түрде тексеру (жұмыс істемейтін, жасы бойынша зейнеткер, оқушы емес, студент емес) 

3 Кезең: Жұмыссыз ретінде тіркелу

  • Жұмыссыз ретінде автоматты түрде тіркелу
  • Жұмыспен қамтуды қолдаудың мемлекеттік шараларын таңдау 

4 Кезең: Жұмысынан айырылу бойынша төлем

  • Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемге өтінім жолдау (егер алдыңғы жұмыс берушіден әлеуметтік аударымдар болған жағдайда) 

5 кезең: Жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары

  • Мемлекеттен уақытша жұмыс орындарын ұсыну:
  1. Қоғамдық жұмыстар – кәсіптік даярлықты талап етпейтін, 12 айдан аспайтын мерзімге берілетін әлеуметтік пайдалы жұмыс;
  2. Жастар практикасы - мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе алу үшін 29 жастан аспаған жастар үшін 6 айдан аспайтын мерзімге берілетін жұмыс;
  3. Әлеуметтік жұмыс орны – 12 айдан аспайтын мерзімге берілетін субсидияланатын жұмыс орны (жалақының 35% – мемлекеттен, 65% - жұмыс берушіден).
  4. Алғашқы жұмыс орны - 24 айдан аспайтын мерзімге қарастырылған кәсіби білімі мен жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жастан аспаған жастарға арналған кәсіби білім мен дағдыларды алуға арналған жұмыс.
  5. Ұрпақтар келісімшарты - бұдан әрі 18 айдан кем емес тұрақты жұмысқа орналастырылуымен жұмыс орны жұмыс істейтін зейнеткерлік жасқа жақындаған қызметкерлерден жинақтаған тәжірибе мен дағдыларын беру үшін құрылады.
25.08.2022
Қаралым саны: 233
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz