«Еңбек шартын жасаңыз» облыстық науқаны

Елдің негізгі Заңы — Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы қызметкерлерді мемлекеттік қорғауға кепілдік береді, әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.

Мәселен, Еңбек кодексінің 33-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір данасы қызметкерде және жұмыс берушіде сақталады. Адамды жұмысқа жіберу еңбек шарты жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Еңбек шартын жасасу қызметкерге:

  • Мамандығы бойынша жұмысты орындауға
  • Жалақыны уақытылы алуға
  • Жыл сайынғы еңбек демалысына
  • Өндірісте жарақат алған жағдайда, аурухана парағының 100% төленуіне
  • Кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда өтемақы алуға
  • Арнайы киіммен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуге
  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың аударылуына
  • Зейнетақы қорына аударымдардың аударылуына
  • Еңбекшілердің еңбек құқықтары бұзылған кезде мемлекеттік қорғалуына кепілдік береді.

Бейресми еңбек қатынастарын болдырмау және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын нысандарын қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы құқықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында «Еңбек шартын жасаңыз» облыстық науқаны басталды, оның шеңберінде науқанды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Еңбек шартын жасаспау фактісі бойынша азаматтарға Петропавл қ., Абай к-сі, 64 мекенжайы бойынша «СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-ға жүгіну қажет, тел. 46-86-06

E-mail: inf.git@sqo.gov.kz

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы
басқармасы
» КММ басшысы М. Омаров

20.03.2023
Қаралым саны: 100
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz