Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 27-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 27-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 27-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5229 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептеледі.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

20.10.2023
Қаралым саны: 35
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz