Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 8-19 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 8-19 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 24327 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасының 4-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысыда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

29.12.2022
Қаралым саны: 151
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz