Ақпарат 2022 жылға атаулы әлеуметтік көмек бойынша

Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% — процентов аспайтын отбасыларға (адамдарға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

2023 жылдың 1 тоқсанына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі - 44847 мың теңгені құрайды.

Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – 3 құрайды — 31393 мың теңге.

Осы мақсаттарға Мағжан Жұмабаев ауданында 2022 жылға республикалық бюджеттен – 63336,7 мың теңге, оның ішінде АӘК – 53393,8,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 14442,8 мың теңге, АӨК – 9642,9 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 237,9 мың теңге бөлінді.

Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды:

Шартты ақшалай көмек — 102 отбасы — 491 адам.

Шартсыз ақшалай көмек — 32 отбасы — 129 адам.

29-еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтарға (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар) қатарынан АӘК (ШАК) тағайындалды, 31-адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылды;

АӘК (ШАК) алушылар құрамында өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар қатарынан тұрақты жұмыс орындарына – 18 адам, қоғамдық жұмыстарға — 8 адам, қайта даярлау, біліктілігін арттыру — 1 адам, кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу — 2 адам орналастырылды.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК тағайындауға 1511 отбасы жүгінді, 1391 отбасына консультациялар түрінде түсіндіру жұмыстары көрсетілді. Е-Халық жүйесі арқылы және ЭҮП порталы арқылы 387 отбасында тағайындауға құжаттар қабылданды, 387 отбасының өтініштері бойынша шешімдер қабылданды, 134 отбасына атаулы Мемлекеттік әлеуметтік көмек тағайындалды.

Жыл басынан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалды:

  • 1-3 жас аралығындағы азық-түлік жиынтығы — 75 бала:
    1, 2, 3, 4 тоқсанда — 607 жиынтық.
  • 3-6 жас аралығындағы азық-түлік жиынтығы — 80 бала:
    1, 2, 3, 4 тоқсанда — 592 жиынтық.
  • 1-6 жас аралығындағы гигиеналық жиынтықтар — 174 бала:
    1, 2, 3, 4 тоқсанда — 420 жиынтық.

Мағжан Жұмабаев ауданында ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстары толық көлемде және жүйелі түрде, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласында енгізіліп жатқан реформалар бойынша жүргізілуде.

Күн сайын АӘК мәселелері бойынша азаматтарға консультация жүргізіледі, ай сайын бекітілген жоспарға сәйкес қолданыстағы заңнамалардың нормаларын зерделеу бойынша, қажет болған жағдайда және кестеден тыс Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізіледі.

Мағжан Жұмабаев ауданында мүгедектігі бар адамдарды оңалту туралы ақпарат

Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау шаралары жүйесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау ерекше орын алады. Азаматтардың осы санатын Мемлекеттік әлеуметтік қолдау оларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды: протездік-ортопедиялық құралдарды, жүріп-тұру құралдарын (арбаларды), сурдологиялық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарды, санаторлық-курорттық емдеуді, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну түрінде жүзеге асырылады. Оңалту құралдарын беру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы 26 «Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясымен әзірленген абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

Оңалту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында мүгедектігі бар адамдардың электрондық дерекқоры жүргізіледі. Азаматтардың әлеуметтік көмек көрсетуге және қызметтермен қамтамасыз етуге өтініштерін енгізу бойынша «Е-Собес» ААЖ-мен жұмыс ұйымдастырылды. 2022 жылғы 4 тоқсанда медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясымен әртүрлі оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге 147 ОЖБ (жеке оңалту бағдарламасы) берілді. ОЖБ орындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

2022 жылда берілген өтініштер бойынша оңалту құралдары берілді:

  • қозғалыс құралдары (арбалар) 14 адам;
  • тифлотехникалық құралдар 13 адам;
  • сурдологиялық құралдар 8 адам;
  • протездеу құралдары 78 адам;
  • санаторлық-курорттық емделу 31 адам.

1 адам жеке көмекшінің және 3 адам ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 1 адам «Адон Север» АҚ арқылы қызмет алады, ал 1 адам ымдау тілі маманының қызметтерін «Вектор Милосердия» АҚ арқылы алады.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік қызмет көрсету және басқа да бағыттар бойынша жұмыстар табысты жүргізілуде. 41 адам порталда жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны алып, 14965 дана жаялыққа, 46 720 дана жөргекке 64 адам тапсырыс берді. Бұдан басқа, порталда 18 мүгедектік арбасы (бөлмелік және серуендеуге арналған арбалары), 6 плейер, нашар көретіндерге арналған 9 сағат, 4 ноутбук, 8 тифло таяқшасы, 5 телефон, 1 глюкометр және 2 тонометр, 6 адам есту аппараттарын алды. 78 адам протездеу құралдарын алды, олар: таяқтар, балдақтар, жүруге арналған көмекші құрал, кеуде протездері, ортпедиялық аяқ киім, сирақ, сан және жіліншік протездер.

«Қолжетімділік картасы» порталында пысықталды inva.gov — 77 нысан. Толтырылу пайызы 100% құрады.

2022 жылға жоспар кестесіне сәйкес 8 нысан бейімділінді. Объектілерде құрылыс жұмыстары жүргізілді (пандустар орнату, шақыру басқыштарын орнату, санитарлық бөлмелер жабдықтау, жаңа белгілер мен бағыттауыштарды орнату).

185 адамға мүгедектігі бар адамдарға үшін электрондық цифрлық қолтаңба берілді. Қолы әлеуметтік қызметтер порталындағы жұмыс үшін беріледі.

Мүгедектігі бар адамдарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар өткізіледі. Соңғы 3 жылдағы (2019-2021 жылдар) жалпы жұмысқа орналастыруды талдай отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша бағдарламалық тапсырманы жыл сайын орындау үрдісі байқалады. Осылайша:

  • 2020 жылы 16 жылдық жоспар бойынша 31 жұмысқа орналастырылды / орындалуы 194%;
  • 2021 жылы 16 жылдық жоспар бойынша 37 жұмысқа орналастырылды / орындалуы 231%;
  • 2022 жылы 24 жылдық жоспар бойынша 20 жұмысқа орналастырылды / орындалуы 120%;

Сондай-ақ, ауданымызда аудан әкімінің мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жүргізу бойынша кеңесшісі мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жүргізеді. Қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңестер, түрлі семинарлар өткізіледі.

Жалғыз басты қарттарды және мүгедектігі бар адамдарды, мүмкіндігі шектеулі балаларды және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарды әлеуметтік қорғау

Ауданда үйде әлеуметтік көмек көрсетутің төрт бөлімшесі жұмыс істеуде:

Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің есебінде 327 адам тұр, оның ішінде: 303 қарт азаматтар, мүгедектігі бар адамдар – 9 адам, мүгедектігі бар балалар – 7, 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар — 8 адам, оларға 75 қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау бойынша әлеуметтік қызметкер күтім жасауда, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалармен және психикалық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғалармен жұмыс жүргізу бойынша әлеуметтік қызметкерлер – 10. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілері – 4, кеңесшілер – 2, 0,5 мөлшерлемеге бағалау бойынша маман.

2022 жылға бөлімшелерді ұстауға 207280,1 мың теңге бөлінді, 207280,0 мың теңге игерілді, игерілуі – 100%.

Оңалту іс-шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, баланың отбасында, тұрмыста және қоршаған ортада бейімделу консультациялық нысанда жүзеге асырылады.

317 адам жалғыз тұратын қарттардың барлық меншік нысандарының басшыларына бекітудің 4 деңгейлік жүйесі бойынша бекітілген.

3806,6 мың теңге сомасына басшыларды бекітудің 4 деңгейлік жүйесі бойынша 1771 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге қолдан келгенше көмек көрсету (аумақтарды тазалау, отын, көмір жинау) бойынша волонтерлік қозғалыс бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

17.01.2023
Қаралым саны: 122
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz