ОТБАСЫНЫҢ САНДЫҚ КАРТАСЫ

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттік қолдау шараларын белсенді тағайындау үшін жұмыс режимінде отбасының цифрлық картасы ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Отбасының цифрлық картасы-бұл әртүрлі мемлекеттік органдардың мәліметтерін жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға және оларға проактивті форматта кепілді мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

Отбасының цифрлық картасы "Smart Data Ukimet" аналитикалық жүйесімен байланысты. Осы комбинацияның арқасында билік барлық ақпаратты қамтитын үлкен мәліметтер базасына қол жеткізе алады. Бұл деректерге, атап айтқанда, табыс деңгейі, адамның жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікке иелік етуі, отбасының құрамы және кез-келген несиенің болуы және т. б. туралы мәліметтер кіреді.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде отбасының цифрлық картасы Қазақстан Республикасының 19,5 миллион азаматы немесе 6,3 миллион отбасы туралы ақпаратты қамтиды.

Отбасының цифрлық картасының мәліметтері әлеуметтік қорғау шараларына, оның ішінде осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың проактивті мемлекеттік қызметтер көрсетуіне әлеуетті мұқтаж адамдарды (отбасыларды) айқындау үшін негіз болып табылады.

Қолда бар деректер негізінде экономикалық мәртебе, әлеуметтік байланыстар, тұрғын үйдің қолжетімділігі, медициналық қызмет көрсету және білім алу мүмкіндіктері тұрғысынан отбасының әл-ауқат деңгейін бағалауға және бақылауға мүмкіндік беретін талдау жүргізіледі. Әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда отбасының цифрлық картасы отбасыларға жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем алу мүмкіндігін береді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетіледі.

Осылайша, отбасының цифрлық картасы жәрдемақылар мен төлемдерді алуға құқығы бар адамдар арасында бөлуді жеңілдетуге арналған.

Отбасының цифрлық картасы әлеуетті жәрдемақы алушыға sms-хабарлама жолдайды және оң жауап болған жағдайда банк шотына ақша қаражатын есептей отырып, тиісті төлем тағайындалады.

Қазіргі уақытта отбасының цифрлық картасында жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің мынадай түрлері бойынша қызметтер алуға мүмкіндік берілген:

  • жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
  • бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
  • жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
  • асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем;
  • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) берілетін жәрдемақылар;
  • мүгедектік бойынша жәрдемақылар; көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар;
  • «Қүміс алқа» немесе «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылар;
  • АӘК;
  • зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама.

Отбасының цифрлық картасы кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

2023 жылы әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтілетін болады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады.

2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.

«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін енгізудің арқасында азаматтар уәкілетті органдарға жүгінбей-ақ әлеуметтік көмек ала алады.

Сондай-ақ отбасының цифрлық картасы интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы отбасылардың әлеуметтік портретін (олардың өтініштерінсіз) жасауға және отбасының материалдық жағдайын, оның әлеуметтік мәртебесін, табысын, өмір сүру және әл-ауқат деңгейін айқындауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде өңірдің және тұтастай алғанда елдің әлеуметтік портретін жасауға және бюджет қаражатын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 Бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен sms-хабарламаларға ғана жауап беру қажет. Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады, қоңырау шалу тегін.

Ю. Рихарт,
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бас маманы

24.07.2023
Қаралым саны: 130
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz