«Еңбек жолы» конкурсына назар аударыңыздар

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» және «Болашаққа бағдар – қоғамдық сананы жаңғырту» Тұңғыш Президенті-Елбасының бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру шеңберінде, жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында 2022 жылда «Еңбек жолы» атты конкурстың өткізілуін хабарлайды.

Конкурс үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды, қоғамдағы еңбек адамның мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурс екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық. Оған мемлекеттік қызмешілерді қоспағанда салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алды.

Конкурс үш номинациядан тұрады:

«Үздік еңбек әулеті». Осы номинацияға ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

Еңбек әулеті бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыпталардың бір немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге өз кәсібін насихаттауға тиіс;

  • «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» Осы номинацияға кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.
  • «Өндірістің үздік жас қызметкері». Осы номинацияға өндірістің еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

Конкурстың әр номинация бойынша жеңімпаздарды ақшалай марапаттау мақсатында

  • 1орынға – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
  • 2 орынға – 500 000 (бес жүз) теңге;
  • 3 орынға – 200 000 (екі жүз) теңге

мөлшерінде сертификаттар және диплом беріледі.

Конкурс қатысушылары «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі құжаттар мен материалдарды ұсынады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Мicrosoft Power Point форматында);

5) еңбек әулеттің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);

6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері) мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер Булаев қ. Мир к. 8А мекенжайы бойынша орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не өтінімдер тапсырады, анықтамалар үшін телефондар: 2-81-49, 2-81-60.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тапсыру мерзімі 2022 жылғы 30 маусымда аяқталады.

Бөлім басшысы Б. Ысқақова

20.05.2022
Қаралым саны: 102
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz