Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негіздемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1091 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы болып табылады.
Мәслихаттың бұл шешімінің мақсаты:
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау үшін заңды мүдделерін іске асыру және ҚР қолданыстағы заңнамаларды қолданысқа келтіру.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14405616
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы
Б. Ысқсқова
Қаралым саны: 102