Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер

Қазақстандағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға кепілді әлеуметтік пакет алушылардың тілектерін ескере отырып 2023 жылдан бастап МӘП монетизациялау туралы шешім қабылданды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 533 бұйрығына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Монетизация АӘК алушылар қатарындағы әрбір балаға ай сайынғы негізде 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақшалай төлем белгілеу жолымен жүзеге асырылды. Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне байланысты қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар болып табылатын отбасылардан шыққан бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын АӘК-ге қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылды, оған мыналар кірді: өнімдер мен тұрмыстық химия жиынтығы. Ал мектеп жасындағы балалардың кейбір санаттары үшін білім басқармалары желісі бойынша ыстық тамақпен, мектеп формасы мен жазу керек-жарақтарын сатып алумен қамтамасыз етілді.

ҚР ЕХӘҚМ осы көмек түрін көрсетуде үздік нәтижелерге қол жеткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің ашықтығы мақсатында АӘК көрсету тетігін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Бөлімнің бас маманы
Рихарт Ю. В.

08.02.2023
Қаралым саны: 708
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz